Бас жаңалықтар
Павлодар облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
14 Шілде 2020, 15:19 161

Павлодар облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айзада Құрманова Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Енді Айзада Құрманова әлеуметтік блоктың жұмысын қадағалайтын болады.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жаңа орынбасарды аппараттық кеңес барысында таныстырды. Ол Айзада Құрманова әлеуметтік сала және мемлекеттік басқару мәселелерін жақсы біледі, сондай-ақ атқарушы және өкілетті органдарда басшылық лауазымдарда мол тәжірибеге ие екенін атап өтті, - делінген хабарламада.

Айзада Құрманова 1970 жылы Железин ауданының Абай ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Павлодар педагогикалық институтын, ал 2015 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің магистратурасын "Мемлекеттік жергілікті басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы Май ауданындағы Ақшиман орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып бастаған. Алты жыл бойы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, содан кейін сол оқу орнының директоры болды. 1998-2002 жылдары Екібастұз қаласындағы №10 орта мектепте мұғалім және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды.

2002 жылы мемлекеттік қызметке ауысты. Екібастұз қаласының ішкі саясат бөлімінің бастығы, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары және Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.

2011 жылдан 2014 жылға дейін Лебяжі ауданының әкімі болды. 2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін - "Нұр Отан" партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2016 жылғы наурыздан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болды.


Фото: дереккөз
Загрузка...