Павлодар мен Қызылорда облыстары «сары» аймаққа кірді

8 Сәуір 2021, 10:05
2050
Бөлісу:
Павлодар мен Қызылорда облыстары «сары» аймаққа кірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

2021 жылдың 8 сәуіріндегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары енген.

Ал «сары» аймақта Шымкент қаласы мен Павлодар және Қызылорда облыстары тұр.

Қазақстанның өзге өңірлері «жасыл» аймақта.

Павлодар мен Қызылорда облыстары «сары» аймаққа кірді

Өзгелердің жаңалығы