Бүгін елімізде Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы басталды

12 Тамыз 2020, 09:09
2922
Бөлісу:
Бүгін елімізде Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, яғни 12 тамызда елдің барлық облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайлауы өтетін болады.

Парламент Сенатының депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып табылатын Республика азаматтары сайлайды. Сенат депутаттарының сайлауы еліміздің барлық өңірінде (астана уақыты бойынша) сағат 11.00-де басталатын таңдаушылардың бірлескен отырыстарында өткізіледі, - делінген ОСК хабарламасында.

Айта кетейік, Парламент Сенатындағы 17 орынға 46 кандидат үміткер болып отыр. Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3069 мәслихат депутаты енгізілген.

Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында дауыс беру күні онлайн бақылау сервистері жұмыс істейді:

- таңдаушыларды тіркеу (астана уақыты бойынша сағат 10.00-11.00);

- дауыс берудің алдын ала қорытындысын шығару.

Сайлау күнінің барысы туралы ақпарат ҚР ОСК телеграм-каналында жарияланады. 

Өзгелердің жаңалығы