Бас жаңалықтар
Ауыл шаруашылығы бөлімінің экс-басшысына 1,6 млн теңге айыппұл салынды
16 Қазан 2019, 10:22 402

Ауыл шаруашылығы бөлімінің экс-басшысына 1,6 млн теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласының Ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Өскемен қаласының ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.С. Күдебаевқа және осы бөлімнің бас маманы Қ.Т. Серіковке қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар кәсіпкерлік субъектілерінен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде (тұрмыстық сыбайлас жемқорлық) пара алды деген күдікке ілінген болатын", - делінген хабарламада. 

Осы жылдың 15 қазанында Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен аталған лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 1 638 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...