Панфилов ауданында жер астынан танкі табылды

16 Қаңтар 2019, 12:35
4158
Бөлісу:
Панфилов ауданында жер астынан танкі табылды

Алматы, BAQ.KZ. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Совет Одағы пен Қытай теке тіресіп, аралары шиеленісіп тұрған сәтте Панфилов ауданының шекаралық аумағына ірі танктерді әкеліп жерге көміпті. Бұл туралы Панфилов ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрбол Қанағат Facebook-тегі парақшасына жазды.

Кеше жергілікті басылымдарда Панфилов ауданының тұрғындары жер астынан танкі тауып алғандығы жөнінде ақпар тараған болатын. Аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы бұл танкілердің сонау екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, Қытай елімен қарым-қатынастың нашарлауынан сақтанған Совет үкіметінің әдейі жер астына көмгендігін айтуда.

«Көмгенде окоп, блиндаж қазып, танкніні қытай жаққа қаратып, атуға ыңғайлы етіп дайындап қойған екен. Кейін совет одағы ыдырағасын бұл танкілер сол қалпы қараусыз қалған. Бірлі жарымының ұсақ-түйек бөлшектері қолды болған. Десе де, жерде көмулі осындай танкілер әлі де бар. Қауіпсіз, снаряд оқ-дәрі ештемесі жоқ. Қазіргі уақытта осы мәселемен арнаулы органдар айналысып жатыр», - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасына.

Өзгелердің жаңалығы