Бас жаңалықтар
Пандемия біз өмір сүріп үйренген әлемді өзгертті – сарапшы
13 Шілде 2020, 10:06 438

Пандемия біз өмір сүріп үйренген әлемді өзгертті – сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Ерлан Мәдиевтің айтуынша, егер адамзат бұл процестерге бейімделе алмаса, келешекте бұдан да ауқымды дағдарысқа тап болуы мүмкін.

Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында дағдарысқа қарсы шаралардың кезекті пакеті, сондай-ақ, елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөнінде қосымша шаралар қабылдау жайы талқыланды. Қазақстан ұлттық деңгейде қатаң карантиндік шараларды қайта енгізуге мәжбүр болған әлемдегі алғашқы ел болды. Сәуірдің ортасында Денсаулық сақтау министрлігі ел аурудың 5 мың жұқтыру белгісінде өткенін мәлімдесе де, бүгінде вирус жұқтырғандар саны елу мыңнан асты. Атқарушы органдардың жұмысындағы жүйелік қателердің тұтас кешені COVID-19 таралуының жағдайы бақылаудан шығып кетуіне әкелді. Бүгінгі күні ел Үкіметі ең нашар сценарийге барынша дайындықты жүзеге асыру үшін алғашқы локдаун кезеңін тиімді пайдалана алмады деуге тура келеді. Бұл туралы сарапшылар да талай ескертті және Италия, Испания, АҚШ, Бразилия сияқты бірқатар шет елдің тәжірибесі дәлел, - деді ол.

Сарапшы қалыптасқан жағдайда Президент Тоқаев Үкіметке бірнеше рет қатаң сын айтып, оның мүшелерін жедел және бастамашыл әрекеттерге шақырғанын айтады.

Өткен отырыста Президент жұмыс істеп тұрған кабинеттің алдына қатаң ультиматум қойды, егер жағдай алдағы екі аптада түзетілмесе, оны тарату перспективасын белгіледі. Осылайша, дағдарыс жағдайында Президент институты кезекті рет барлық мемлекеттік-әкімшілік жүйенің тұрақтандырушы факторы ретінде әрекет етеді. Ел ауқымды дағдарыстарға тап болған бұған дейінгі кезеңдердегідей президенттік фигура Үкімет жұмысының негізгі бағыттарын анықтай отырып, мемлекеттік аппараттың бірігуіне кепілдік береді. Дәл осы сәтте Президент таяу арада жариялайтын дағдарысқа қарсы шаралардың жаңа пакетін қарастыруы қажет, - деді сарапшы.

Ерлан Мәдиевтің айтуынша, егер адамзат бұл процестерге бейімделе алмаса, келешекте бұдан да ауқымды дағдарысқа тап болуы мүмкін.

Сонымен қатар, ұзақ мерзімді перспективада билікті шектен тыс орталықтандыру саяси жүйенің тұрақтылығын сақтау, оның икемділігі мен тиімділігіне кепілдік беру тұрғысынан да тиімді емес екенін атап өту қажет. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстанда, атап айтқанда, жергілікті басқару органдарының рөлін күшейту сияқты маңызды бағытта саяси реформаны жалғастыру қажеттігі туралы қайта атап өткені кездейсоқ емес. Пандемия біз өмір сүріп үйренген әлемді өзгертті. Егер біз барлық деңгейде жүйелі реформалар жүргізе отырып, осы процестерге бейімделе алмасақ, жақын болашақта одан да ауқымды дағдарыс құбылыстарына тап боламыз, - дейді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...