Тез жазылып кетіңіз және аман болыңыз – Помпео Назарбаевқа

19 Маусым 2020, 17:18
6642
Бөлісу:
Тез жазылып кетіңіз және аман болыңыз – Помпео Назарбаевқа

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Елбасының коронавирустан тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.

Мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа COVID-19-дан толықтай және тезірек қалпына келуін тілеймін. Бұл - біздің елдеріміз үшін қиын кезең. Бірлесе отырып біз бұл ауруды жеңетінімізге сенімдімін. Тез жазылып кетіңіз және аман болыңыз, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы