Жалпы жаңалықтар
-
-
Тоқаевтың арнайы өкілі британиялық әріптестерімен келіссөз жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханның Лондонға сапары барысында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестікті дәйекті түрде нығайтуға деген тараптардың өзара ұмтылысы расталды.
24.07.2021
-
Министрлік қызметкерлеріне жұдырық ала жүгірген әйелдер айыппұл арқалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құқыққа қайшы әрекетке барып, бұзақылық жасағаны үшін алты әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
24.07.2021
-
Токио-2020: Жүзуден сынға түскен Баландин жартылай финалға өткен жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода жүзуден іріктеу сындары аяқталды. 100 метрге брасс әдісімен жүзуден сынға түскен Дмитрий Баландин жартылай финалға өткен жоқ, деп жазады Olympic.kz.
24.07.2021
-
Токио-2020: Қола жүлде еншілеген Сметов өмірдегі басты арманын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Елдос Сметов Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, екінші Олимпиададағы екінші медаліне қатысты ойымен бөлісті.
24.07.2021
-
Қопа көлінің жағалауында экологиялық акция өтті
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысының экология департаменті Ақмола облысының табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп Қопа көлінің жағалау аймағын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.
24.07.2021
-
Мемлекеттілік, тұтастық біз үшін қасиетті ұғым – Бауыржан Серікбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент халықты сайлауға қатысуға, өз әкімдерімізді таңдауға шақырды. Орта Азияда тұңғыш рет іске асқалы отырған реформаны тікелей өз бастамасымен қолға алып, тиісті заңдарға өзгерістер енгізіп, жергілікті жердегі өзін-өзі басқару институтын дамытуға бағытталған президент тапсырмасы үтір, нүктесіне дейін сауатты, өркениетті жолмен орындалуы тиіс. Президент айтқандай мықты мемлекет үшін мықты аймақтар болуы керек, деп жазды саясаттанушы Бауыржан Серікбаев.
24.07.2021
-
Токио-2020: Қазақстанда кей сайыстың неліктен трансляциясы болмағаны айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «QazSport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбеков XXXII жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясын көрсетуде туындап жатқан қиындықтар туралы айтты.
24.07.2021
-
Әскери қызметшілер суға десанттауды орындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Капшағай және Талдықорған гарнизондарының әскери қызметшілері Қапшағай су қоймасында жауынгерлік даярлықтың ең қиын элементтерінің бірі – суға десанттауды орындады.
24.07.2021
-
Елбасы Мирзиёевті туған күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы elbasy.kz сайты жазды.
24.07.2021
-
Президент Бағдат Мусиннің есебін тыңдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің есебін тыңдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
24.07.2021
-
Шығыс Қазақстанда карантиндік шектеулер күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер қатаңдатылды, деп хабарлады облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депратаменті.
24.07.2021
-
Токио-2020: Қазақстан алғашқы медалін алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.
24.07.2021
-
Құтқарушылар тауда адасып кеткен үш жігітті тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 шілдеде шамамен таңғы сағат екіде Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Талғар ауданының Қотырбұлақ шатқалындағы Алматау Хаус демалыс аймағы ауданында үш жігіттің адасып қалғаны туралы хабарлама түсті.
24.07.2021
-
Токио-2020: Сметов қола жүлдеге таласады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында дзюдодан жартылай финал жекпе-жектері жалғасуда.
24.07.2021
-
Токио-2020: Қазақстандық велоспортшылар үздіктер қатарына енген жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Токио Олимпиадасында велоспорттан топтық жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлер анықталды деп хабарлады Olympic.kz.
24.07.2021
-
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баткен облысында қырғыз-тәжік шекарасында атыс болды.
24.07.2021
-
Елордада «қызыл» статусы бола тұра оқшаулау тәртібін бұзғандар тізімі жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 18 тұрғынға үйде оқшаулау тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікті көздейтін хаттама жасалды, тиісінше 87 510ТГ (30 АЕК) айыппұл салынды. COVID-19 бойынша ПТР тесті оң нәтиже көрсеткендер қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» жүйесі арқылы жұмыс істейтін нысандар қызметін пайдалануға тырысты.
24.07.2021
-
Алматыда локдаун енгізіле ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жайында брифинг өтті.
24.07.2021
-
Иманбек жаңа жазғы тректі таныстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық диджей ресейлік музыканттармен бірге жаңа трек жазды.
24.07.2021
-
Алматыда вакцина алған 178 адам қайта вирус жұқтырды – Бекшин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жайында өткен брифингте қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин вакцина алған қанша адам вирусты қайта жұқтырғанын айтты.
24.07.2021
Наверх