Бас жаңалықтар
Өткен тәулікте шетелден 201 азамат ПТР анықтамасыз келді
27 Қаңтар 2021, 12:28 186

Өткен тәулікте шетелден 201 азамат ПТР анықтамасыз келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 26 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстаннан 10 халықаралық әуе рейсі келді. 


1 653 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 452 адам, анықтамасыз 201 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 416 жолаушы, анықтамамен - 1 219, анықтамасыз - 197;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 237 жолаушы, анықтамамен - 233, анықтамасыз - 4.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.


Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет бойынша 2021 жылдың 25 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 137 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті, - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...