Өткен тәулікте 28 жолаушы ПТР анықтамасыз ұшып келді

11 Сәуір 2021, 12:42
1089
Бөлісу:
Өткен тәулікте 28 жолаушы ПТР анықтамасыз ұшып келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 10 сәуірінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.


2021 жылдың 10 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Үндістан, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 35 халықаралық әуе рейсі келді.

5287 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 5259 адам, анықтамасыз 28 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 18 рейс, 2 934 жолаушы, анықтамамен - 2924, анықтамасыз - 10;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 831 жолаушы, анықтамамен - 818, анықтамасыз - 13;

Шымкент қаласының әуежайына – 6 рейс, 737 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтөбе қаласының әуежайына – 2 рейс, 361 жолаушы, анықтамамен - 359, анықтамасыз - 2;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 147 жолаушы анықтамамен келген;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 129 жолаушы анықтамамен келген;

Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы, анықтамамен - 145, анықтамасыз - 3.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.


2021 жылдың 9 сәуірінде шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет бойынша анықтамасыз келген 16 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті, - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.



Өзгелердің жаңалығы