Отандық ғалымдар көміртегі бейтараптылығына қол жеткізудің жолдарын атады

22 Қазан 2021, 17:00
1181
Бөлісу:
Отандық ғалымдар көміртегі бейтараптылығына қол жеткізудің жолдарын атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазгеология» ҰТК» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Боранбаев «Қазақстан Республикасының өндіруші салаларын декарбонизациялау» монографиясының тұсаукесерінде мәлімдеді. 

Конференцияда қазақстандық ғалымдар 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатында еліміздің отын-энергетика және тау-кен металлургия кешендерінде төмен көміртекті технологияларды енгізу бағыттарын қарастырды. 

Монографияны әзірлеу үшін ұзақ уақыт кетті. Ғылыми зерттеуге еліміздің білікті мамандарының күші жұмылдырылды. Қазіргі таңда әлем елдерінде бұл мәселе өзекті болып отыр, - дейді Әнуар Боранбаев. 
Оның сөзінше, декарбонизация энергияның ауысуын қажет етеді, бұл - көміртекті энергия өндіруден алып тастайтын құрылымдық өзгеріс. 
Монографияда қозғалған басты мәселенің бірі - балама энергияға негізделген экономикалық электрлендіру. Атап айтқанда, мұндай энергия түрлері тек жер сіңіре алатын энергия шығарады. Елімізде бұл мәселе бірден шешімін табады деп айта алмаймын. Дегенмен климатты қорғау мақсатында жаңа тәсілдермен кірісуміз қажет, - деп атап өтті ол. 
Сонымен қатар маман монографиядағы ҚР ҰҒА академигі Серікбек Дәукейдің еңбегін мысалға ала отырып, декарбонизация жолдарын атады. 
Өндіруші салаларда көміртегі мөлшерін азайту үшін энергия көзін алмастыру керек. Яғни, балама ретінде кез келген өндіріс компаниялары жасыл энергия көздерін қолданысқа енгізу қажет, - деді «Қазгеология» ҰТК» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Боранбаев.
Айта кетейік, бұған дейін отандық мамандардың өндіруші салаларын декарбонизациялау мәселесін талқылап жатқанын жазған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы