Отан қорғаушылар күні: Қарулы Күштерде өтетін іс-шаралар

7 Мамыр 2019, 10:09
2909
Бөлісу:
Отан қорғаушылар күні: Қарулы Күштерде өтетін іс-шаралар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік мерекеге орай ҚР Қорғаныс министрлігі бірқатар іс-шаралар жоспарлаған.


7 мамырда сағат 12.00-де  қоғамдық көліктердің бірінде әртүрлі жастаға адамдарға арналған керемет флешмоб және әскери-патриоттық акциялар ұйымдастырылады.

7 мамырда сағат 15.00-де Нұр-Сұлтанда Ұлттық әскери-патриоттық орталығының алаңында ашық аспан аясында әскери техника музейінің жанында фотосессия ұйымдастырылады. Аталған сессияның фотосуреттерін кез келген адам ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтынан жүктей алады.  

9 мамырда сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін Ұлттық әскери-патриоттық орталығының алаңында әскери оркестр және ансамбль солистері концерттік бағдарламамен өнер көрсетеді. Онда соғыс және соғыстан кейінгі, сондай-ақ заманауи әндер шырқалады.

9 мамырда сағат 16.00-де «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығының аумағында Ұлы Жеңіс күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылады. Онда соғыс және соғыстан кейінгі, сондай-ақ заманауи әндер шырқалады. Жаппай барлық өңірлерде ҚР Қарулы Күштері әскери бөлімдері мен құрамаларының басшылығы мен жеке құрамы қаза болған жауынгерлердің ескерткіштері мен обелисктеріне гүл шоқтарын қоюға қатысады. Ардагерлер және жастар ұйымдарымен өзара әрекет етуде ұлы даталар мен ҰОС-тың қатысушыларын марапаттауға арналған әскери-патриоттық бағыттылықтағы іс-шараларды өткізетінін айта кету қажет. 
Өзгелердің жаңалығы