Осындай уәделеріңіз қашан аяқталады? Нығматулин Мусин басқаратын министрлікті сынады

12 Мамыр 2021, 11:03
3910
Бөлісу:
Осындай уәделеріңіз қашан аяқталады? Нығматулин Мусин басқаратын министрлікті сынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжiлiсі төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қашан кеңжолақты қолжетімді интернет болады?» деп Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусинге сұрақ қойды.

Әртүрлі технология, әртүрлі компаниялармен... Қашан?, – деп төраға интернет сапасына қатысты сұрақ қойды.

Министр өз кезегінде 2022 жылдың соңына дейін ауылды жерлер интернетпен қамтамасыз етілетіні туралы айтты.

Қазіргі таңда мүлдем интернеті жоқ 1 200 ауылды жер бар. Сондай-ақ 500 ауылда интернеттің сапасы өте төмен. Сондықтан, алдымен, 2020 жылдың соңына дейін 500 ауылды толыққанды сапалы интернетпен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. Ал 1 200 ауылдың бәріне интернет ортану 1Web сияқты технологиялармен 2020 жылдың соңына дейін жүргізіледі. Бірақ тұрғындарының саны 50 адамнан аз елді мекендерге интернет беру мәселесі әлі талқыланып жатыр, - деп Мусин жауап берді.

Нығматулин министрлерді сынап, беретен уәделері қашан аяқталатынын айтты.

Осы сұрақ неден туындайды? Жыл сайын сіздің алдыңызда болған министрлер де Парламентке келіп, жылжытып бастайды. Бір жылға, екі жылға. Ойы сондай. Қазіргі уақытта мен министрмін. Ертең не болатынын, қалай болатынын Құдай біледі. Жауапкершілік менен бола ма, болмай ма? 2020 жылы бірінші уәде болды. Биыл 2021 жыл. Сіз 2020 жылға деп жылжытып бастадыңыз. Осындай уәделеріңіз қашан аяқталады? – деді ол.

Мусиннің сөзінше, 2020 жылдың соңына дейін құрған жоспарларының ішінде техникалық жағдайларға сай 500 елді мекенге сапасы төмен интернет берген. Енді олардың сапасы 2022 жылдың соңына дейін жоғарылатылады.

Бағдат Батырбекұлы, сізге өтініш бар. Жас министрсіз. Жаңа ғана келдіңіз. Парламент сізді қолдады. Осы жұмыстардың нәтижесін шығарыңызшы. Елден, халықтан ұят емес пе?.. Бұрынғы министрлер 5 рет уәде берген. Айтқан мерзімдерін 5 рет жылжытты. Бүгін міне 2022 жыл. Құдай қаласа 100% жасаймыз дегендеріне келесі жылы 10 жыл болады. Егемендігімізге 30 жыл болды. Бұл ғарышқа, марсқа алып баратын жоба емес. Басқа мемлекеттің ауылдарына барсаң, интернет қолжетімді, - деді Мәжіліс төрағасы.

Нығматулин министр айтқан мерзімге дейін уақыт берді және заңда өзгерістер енгізу қажет болса, дайын екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы