Осы күндері менің әріптестерім мәңгілікке көз жұмды – Цой

13 Шілде 2020, 10:01
2297
Бөлісу:
Осы күндері менің әріптестерім мәңгілікке көз  жұмды – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі коронавирус пандемиясының құрбандарын ұлттық аза тұту күні көңіл айтты.

Бүгін, Коронавирус пандемиясының құрбандарын ұлттық аза тұту күні денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы індеттің салдарынан
жақындарынан, туған-туыс, бауырларынан, әріптестерінен айырылған еліміздің барша тұрғындарына көңіл айтты. Ол COVID-19 еліміздің жүздеген азаматының өмірін қиғанын жария етті.

Осы күндері менің әріптестерім – дәрігерлер мен медицина қызметкерлері өмірден озды, мәңгілікке көз  жұмды, олар күтпеген қауіп-қатермен бетпе-бет келді, соңғы демдері қалғанша күресті. Бұл қайғылы жағдай біз үшін орны толмас қаза. Олар өмірінің соңына дейін дәрігерлік борышын жанқиярлықпен атқарды. Біздің есімізде олар мәңгі нағыз батыр болып қалады, - деді А. Цой.
Ол, бұл індетті тоқтату үшін оған себепкер болып отырған пандемиямен күресте серпінді және тиімді шаралар қажет екенін атап өтті.

Осы қауіп-қатерді тоқтату үшін мен және менің әріптестеріміз тәулік бойы жұмыс жалғасатырудамыз, - деп мәлімдеді министр.
Үкімет медициналық ұйымдарға және дәріханаларға қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша шұғыл шаралар қабылдауда, қосымша төсектер ашылуда, шетелдік сарапшылармен бірлесіп коронавирусты емдеу әдістері жан жақты зерделенуде және жетілдірілуде. Ол сондай-ақ қазақстандықтарды қолдан келер көмектері болса осы індетпен күресуде белсенді ат салысуға шақырды және еріктілер мен белсенді азаматтардың маңызды рөлін атап өтті.

Біз біргеміз, біз панедмиямен жеңіп шығу үшін барлық күш-жігерімізді жұмылдырамыз. Біз бұл қиындықты жұмыла отырып, жеңе
алатынымызға сенімдімін, – деп елімізідің бас дәрігері Алексей Цой сөзін түйіндеді.

Өзгелердің жаңалығы