Өскеменде қайталап қылмыс жасайтындар азайған

10 Қаңтар 2021, 11:57
1317
Бөлісу:
Өскеменде қайталап қылмыс жасайтындар азайған

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы Өскеменде сотты бола тұра, қылмысты қайтара жасаған азаматтардың саны азайған.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі Департаметінің Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімі мамандарының хабарлауынша, өткен жылы  қайтара қылмысқа барған сотталағандардың саны 2019 жылмен салыстырғанда 5 адамға азайған көрінеді.

Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың міңез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері өзара іс-қимыл жасау» туралы жоспарына сәйкес, өткен жылдың 12 айына қорытынды жасалды. Өткен жылы 25 сотталған азаматтың қайталама қылмысқа барғаны тіркелген, 2019 жылы бұл көрсеткіш 30 адамды құраған болатын. Яғни, аталған көрсеткіш арғы жылға қарағанда 5 адамға азайған, - дейді ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторы Ерасыл Төлегенов.

Қоса кетсек, Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің есебіндегі қайталама қылмысқа барған 25 тұлғаға еліміздің Қылмыстық Кодексінің 44-бабы 3-бөлігіне сәйкес жаза қолданылған. Яғни, олардың бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, сотталғандар түзеу мекемелеріне жіберілген.

Өзгелердің жаңалығы