Қорылдың ми жұмысына аса қауіпті екені анықталды

21 Қазан 2019, 21:21
6348
Бөлісу:
Қорылдың ми жұмысына аса қауіпті екені анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Американдық ғалымдар арнайы зерттеулер жүргізіп, қорылдаудың адам ағзасына зиян екенін анықтады. Қорылдау қауіпті ауруға шалдықтырып, дегенеративті ми ауруын, күйзеліс пен инсультті туындатуы мүмкін. Бұл туралы зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, Medical Xpress порталы хабарлады. 

Белгілі болғандай, қорылдаудың әсерінен бас сүйектері жұқара бастайды. Бұл жұлын-ми сұйықтығының ағып кетуіне әкелуі мүмкін (ликвор ағуы). Осыдан кейін қарттар деменциясына (ақыл-парасаттың кеми бастауына) ұқсас симптомдары белгі беріп, адам содан зардап шеге бастайды екен. 

Бұдан бөлек, қорылдау жүрек соғу жылдамдығын бұзады және жалпы жүрек-қан тамырлары аурулары, соның ішінде инфаркт пен инсульт қаупін арттырады. Қорылдау қандағы оттегінің жетіспеушілігін тудырады. Бұл өз кезегінде бұл миға зиян тигізеді, депрессия, бас ауруын және стресс деңгейінің жоғарылауына түрткі болады.

Сондықтан да дәрігерлер ұйықтағанда қатты қорылдайтын адамдарға қорылдаудың себебін анықтап, тиісті ем қабылдау үшін дәрігерлерге қаралып, бұл әдеттен арылуға кеңес береді.
Өзгелердің жаңалығы