Бас жаңалықтар
Оралда бұзақылар такси жүргізушісіне күш көрсетіп, көлігін айдап кетті
06 Желтоқсан 2020, 00:42 610

Оралда бұзақылар такси жүргізушісіне күш көрсетіп, көлігін айдап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда екі адам таксисті ұрып, көлігін айдап кеткен. 

БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға «Жұлдыз» шағын ауданында орын алған. Белгісіз екі адам 24 жастағы таксистке күш көрсетіп, оның «Chevrolet Aveo» көлігін айдап кеткен. Сөйтіп, оған 1,5 млн теңге зиян келтірген. Осы қылмыс бойынша күдікті ретінде Орал қаласының 21 жастағы екі тұрғыны ұсталып, уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Автокөлікті Атырауда сатып жібермекші болған. Темір тұлпар Атыраудан табылып, иесіне қайтарылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігіне (қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...