Бас жаңалықтар
Оралда оқушыға тиіспек болған ер адам ұсталды
PHOTO VIDEO
14 Ақпан 2020, 11:51 310

Оралда оқушыға тиіспек болған ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда тұрғын үй подъезінде мектеп оқушысына тиіспек болған ер адам ұсталды. 

Бұл туралы "Уральская неделя" жазды.

manyak-u-podezda-1.jpeg

Оралда ер адам оқушы қыздың артынан подъезге дейін еріп келіп, есіктен кіргеннен кейін тиіспек болған. Күдіктіні қыздың жан ұшырған даусына жүгіріп келген подъезд тұрғындары құрықтаған.


Болған оқиға подъезде орнатылған камераға түсіп қалған. Кадрларда қолында пакеті бар ер адам қыздың соңынан әдейі еріп бара жатқаны көрінеді, кейіннен ол оқушының артынан подъезге кіреді. Аталмыш видео "Жалоба Уральск" инстаграм-аккаунтында жарияланған. Пост авторының айтуынша, подъезге кірген еркек оқушыны бас салған. Алайда, қыздың жылаған даусын естіп, жүгіріп келген көршілері оны құтқарып қалған. Оқиға 13 ақпанда 14:20 шамасында Жеңіс ықшамауданы №27 үйдің подъезінде болған.

menty-u-podezda.jpeg

БҚО Полиция департаменті мектеп оқушына қатысты жасалған қылмысты растады. Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Болатбек Белдібековтің сөзінше, ер адам арам ойын іске асырмақ болған. 

Күдіктіні оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері ұстады, қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Фото: дереккөз
Загрузка...