Бас жаңалықтар
Өңірде 1 трлн теңгенің жобалары жүзеге асырылуда – Сапарбаев
02 Желтоқсан 2020, 13:01 132

Өңірде 1 трлн теңгенің жобалары жүзеге асырылуда – Сапарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында өткен 10 айдың қорытындысы бойынша аймақтағы жағдайды баяндап берді.

Елді жайлаған індетке қарамастан, өткен 10 айдың қорытындысы бойынша өңірдегі экономика көрсеткіші былтырмен салыстырғанда  2%-ға артты. Негізінен экономиканың дамуы өндіріске, оған келетін инвестицияға, ауыл шаруашылығына, құрылысқа байланысты. Бұл салалардың барлығының көрсеткішісі былтырғыға қарағанда жоғары. Халықтың жағдайына әсер ететін бірден-бір фактор ол – инфляция. Бұл біздің өңірде 105,3%-ды, жұмыссыздардың санын көбейтпеу – 4,9%-ды құрады. Өнеркәсіпті дамытудың бір көзі – өнеркәсіптегі жобаларды жүзеге асыру. Қазіргі таңда 255 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Жалпы, өңір бойынша, 1 трлн теңгеден астам соманың жобалары жүзеге асырылуда. Бүгінде құны 94 млрд болатын 17 жоба жасалды, соның нәтижесінде  1300 жаңа жұмыс орындары ашылды, - деді әкім.

Аймақ басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өнеркәсіпті, ШОБ-ты қолдау үшін Үкіметтің «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында өңірде құны 74 млрд болатын 196 жоба барын атап өтті. Қазір оның 147-сі қабылданған.

49 млрд болатын 135 жобаны қаржыландыру басталды. Ол негізінен минералдық тыңайтқыштар шығаратын жобалар. Соның нәтижесінде кемінде 2700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылып, 8 млрд теңге көлемінде салық төленетін болады, - деді Сапарбаев.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...