Олимпиада ойындары жеңімпаздарына берілетін сыйақы көлемі бекітілді

3 Сәуір 2020, 11:04
1574
Бөлісу:
Олимпиада ойындары жеңімпаздарына берілетін сыйақы көлемі бекітілді

Алматы, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі Олимпиада, Паралимпиада ойындарының және өзге де халықаралық спорттық сайыстардың жеңімпаздарына берілетін сыйақы көлемін бекітті. Бұл туралы ХОК баспасөз қызметі хабарлады.

Олимпиада және Паралимпиада ойындары жеңімпаздарына 250 мың доллар, күміс алқаға – 150 мың, қолаға- 75 мың доллар сыйақы беру қарастырылған.

Спорт түрінен Қазақстан Республикасы құрама командасының халықаралық спорттық сайыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, бапкерлер мен команда мүшелеріне осы көрсетілген ақшалай сыйақы көлемі бекетілісін,-делінген құжатта.

Бұған дейін коронавирус індетінің таралуына байланысты  2020 жылы Токиода өтетін XXXII жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылғанын хабарлағанбыз. Сонымен қатар еліміз бойынше ешқандай спорттық шара өтпейтіні айтылған.

Өзгелердің жаңалығы