Оқыған, тоқыған азаматтар. Облыс әкімдігі қайтыс болған балалардың отбасы туралы айтты

20 Ақпан 2021, 12:58
4089
Бөлісу:
Оқыған, тоқыған азаматтар. Облыс әкімдігі қайтыс болған балалардың отбасы туралы айтты

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек өңірлік коммуникациялар қызметінінің алаңында Жаңатаста болған өрт оқиғасына қатысты  өткен брифингте айтты. 

Тұрғындарды сабырлыққа шақырғым келеді. Мұндай оқиғаны ешкім әдейі жасаған жоқ. Әлеуметтік желі қолданушыларын түсіністікке шақырамын. Отбасына өте қиын болып отыр. Желідегі пікірді оқысақ, төбе шашың тік тұрады, - деді ол. 

Облыс әкімі қайтыс болған балалардың анасы көпбалалы ана ретінде жәрдемақы алып тұрғанын айтты. 

Кіші баласы 2020 жылы туған, оған да жәрдемақы төленген. Нәрестелердің анасы былтыр жаңа "Бизнес бастау" аясында жарнамалық агенттік ашу үшін мемлекеттік грант алған. Өте білімді, оқыған-тоқыған отбасы екен. Текті жерден шыққан. Балалардың  әкесі орталық ауруханада жұмыс істейді. Аналары-мұғалім, декреттік демалыста үйде отырған. Қазір оларға көмек көрсетіліп жатыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы