Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек – Көлгінов

20 Тамыз 2019, 16:39
2904
Бөлісу:
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек – Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі жылумен қамтамасыз етуде проблемасы бар мектепке барды, деп хабарланды қала әкімдігінің ресми сайтында.

Қала әкімі Алтай Көлгіновтің мектеп директорларымен кездесуі барысында №75 оқу орнының басшысы мектептің нашар жылытылуына және содан туындайтын бірқатар проблемаларға шағымданды. Мәселен, мектеп-лицейде қыста температура 16 градусқа дейін жетеді. Қала басшысы аудан әкімімен және білім басқармасының басшысымен аталған оқу орнына барды. 

"Күзде, қыста мектеп суық. Небары 14-16 градус жылы. Асхана, спортзал және тағы да бірнеше кабинеттердің шатырынан су кетеді, үнемі шелектерді пайдалануға тура келеді. Кондиционерлерді қолданып ауаны жылытамыз деген ой бар. Оқу орны 2014 жылы ғана салынды", - деді мектеп-лицей директоры Салтанат Тоғатаева.

Қала әкімі Алтай Көлгінов мердігер ұйым проблеманы жоюға тиіс екенін атап өтті.

"Мектеп ғимаратына небары 5 жыл ғана, алайда шатыры қолданыстан шығып, су кетіп жатыр, температура тек 14-16 градусқа жетеді. Бұрын салынған мектептер жаңа мектептер сияқты жөндеу жұмыстарын қажет етпейді. Оқу орнында техникалық тексеру жүргізу қажет. Мердігерлер мәселені шешу керек, кепілдік мерзімі бар. Білім басқармасы тарапынан нашар бақылау жүргізіліп жатырғаны байқалады! Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқуға қолайлы жағдай жасау керек", - деді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ, кіре беріске арналған қақпалар бірнеше жерде ашылады. Оқу орны 2014 жылы пайдалануға берілді, биылғы оқу жылында мектепке 3700 оқушы барады.
Өзгелердің жаңалығы