Оқушылар қандай жағдайда карантинге жіберіледі?

3 Қыркүйек 2021, 12:40
4570
Бөлісу:
Оқушылар қандай жағдайда карантинге жіберіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева айтты. Ол білім беру мекемелерінде коронавирус инфекциясы анықталса, карантинге жіберу талаптары қандай екендігін түсіндірді.

Оның айтуынша, егер мектепте немесе мектепке дейінгі мекемедегі топта індет жұқтырған бір жағдай тіркелсе, байланыста болғандар 14 күнге үй карантиніне жіберілетін көрінеді.

Орта білім беретін мектепте дерек анықталса, бір инкубациялық кезеңге бір ауысымдағы 30%-дан аспаса, ендеше бүкіл ауысымдағылар 14 күнге үй карантиніне жіберіледі. Бұл колледж, ЖОО-на да қатысты. Егер бір лектегі аурушаңдық 30%-дан асса, бүкіл лек екі аптаға үй карантинінде болуы қажет, - деді Жанна Пірәлиева.

Алайда мектеп, колледж және ЖОО-дағы білім алушыларды карантинге жіберріп, қашықтан білім алуға ауыстыру мәселесін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің келісімімен жүзеге асыруы тиіс деп атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордада коронавирус инфекциясын жұқтыру азайып келе жатқандығы туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы