Бас жаңалықтар
Облыста 361 лифт жұмыс істемейді – Жеңіс Қасымбек
18 Қараша 2019, 18:29 241

Облыста 361 лифт жұмыс істемейді – Жеңіс Қасымбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта облыста 361 лифт жұмыс істемейді. Ал оларды жөндеу және қалпына келтіру үшін едәуір қаражат қажет. Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жазды. 

Көп қабатты үйлердің тұрғындары үшін жеделсаты мәселесі өте өзекті болып отырғаны жасырын емес.


Қазіргі уақытта облыста 361 лифт жұмыс істемейді. Ал оларды жөндеу және қалпына келтіру үшін едәуір қаражат қажет. Бүгін осы мәселені шешу үшін – "Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ мен 2 миллиард теңге сомасына меморандумға қол қойылды. Аталған қаражат көтергіштерді қалпына келтіруге жұмсалатын болады. Бұл ауқымды жобаның аясында – осы жылдың желтоқсанынан бастап облыс бойынша 100-ге жуық лифтіні ауыстыру жұмыстары басталады. Алдағы жылдары бұл мәселе толығымен шешіледі. Әкімдіктерге бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін үйлерді тез арада анықтауды тапсырдым, - деді ол. 
74211278_149000436503122_7524139007253413888_n.jpg

Облыс басшысы бұл бастаманы облыстағы көп қабатты үйлердің әрбір тұрғынына жақсылап түсіндіру қажет екендігін атап өтті.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...