Ахметов: 9 мамыр – батыр бабаларымыздың өшпес ерлігі тарихта мәңгілік қалған күн

9 Мамыр 2021, 16:52
3083
Бөлісу:
Ахметов: 9 мамыр – батыр бабаларымыздың өшпес ерлігі тарихта мәңгілік қалған күн

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.

Ардақты ардагерлер! Қымбатты жерлестер! Сіздерді елдік пен ерліктің, мызғымас бірліктің мерекесі - Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! – деді облыс әкімі.

Оның сөзінше, 9 мамыр – батыр бабаларымыздың өшпес ерлігі тарихта мәңгілік қалған күн. Баршамызға бейбіт өмір мен баянды болашақ аманат етілген кез.

Біз Отаны үшін от кешкен ерлердің өр рухына мәңгілік тағзым етіп, ардагерлер алдында бас иеміз. Соғыс жылдары алыстаған сайын аталарымыз бен әкелеріміздің даңқты ерлігі жүрегіміздің түбіне терең бойлайтыны ақиқат. Азаттықтың ақ таңын атырған жауынгерлердің рухы мен бауырлас халықтар достығының алып күші айқындала түсуде. Бірліктің бұл ұлы күші тек ұрыс даласында ғана көрініс тапқан жоқ. Жеңіс үшін теңдессіз ерлікті тыл еңбеккерлері де танытты, - деп жазды Даниал Ахметов.
Сөз соңында облыс әкімі ардагерлерге алғыс айтып, тілегін білдірді.

Біздің жүрегімізде сіздерге деген шексіз құрмет мәңгі сақталады. Бірлігі жарасқан іргелі елдің ұрпағы өздеріңізге алғыс айтып, тағзым етеді. Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, сарқылмас ырыс тілеймін! Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын! – деді ол.

Өзгелердің жаңалығы