Бас жаңалықтар
Қоқысқа қатысты шағым беретін мобильдік қосымша іске қосылады - Елдос Абақанов
04 Маусым 2020, 17:25 848

Қоқысқа қатысты шағым беретін мобильдік қосымша іске қосылады - Елдос Абақанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрағасының орынбасары Елдос Абақанов ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында жақын арада қоқысқа қатысты шағым беретін мобильдік қосымша іске қосылатынын айтты.

Бүгінде еліміздің экологиясын жақсарту, "жасыл экономиканы" дамыту мәселелері ел саясатындағы басым бағыттардың бірі саналады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 120 миллион тоннадан астам коммуналдық қатты қалдық бар. Қазақстанның "жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасындағы басым міндеттердің бірі - 2030 жылға қарай қалдықтардың 40% қайта өңделуіне қол жеткізу. Ал 2019 жылы ресми полигондардағы қалдықтардың 18,2% ғана қайта өңдеуге жіберілген, - деді ол. 

Абақановтың айтуынша, осы мәселелерді шешу мақсатында биыл  Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында "StopMusor" әлеуметтік жобасы жүзеге асырылады.

Қоқысты қайта өңдеу мен қайта пайдалану мәселесі өте маңызды. Алайда, оны шешу үшін инфрақұрылымдық инвестициялар мен өзгерістер қажет. Оны қоқысты қажетті орындарға тастамайтын тұрмыстық қалдықты жою мәдениеті төмен  қоғамда жүзеге асыру мүмкін емес. Сол үшін экология күні қарсаңында қоқыстанумен күресетін әлеуметтік жобаны бастап отырмыз. Наурыз айында жарияланған төтенше жағдайдан кейін де көпшіліктің қоршаған ортаға немқұрайлы қарайтынына көзіміз жетті. БАҚ беттерінде көшеде шашылып жатқан маскалар мен қолғаптарды көрдік, - деді ол.  

Ол атағандай, зерттеу барысында сауалнамаға қатысқан әрбір екінші адам қоғамдық орындарда ұсақ  тұрмыстық қоқыстарды байқайтынын жеткізген. 

Жақын арада телефон арқылы қоқысқа қатысты шағым беретін мобильдік қосымша іске қосылады. Сондай-ақ, танымал қазақстандық суретші Сәуле Сүлейменованың қатысуымен пластик пакеттерден арт-нысан жасау жоспарланып отыр. Ол тұрмыстық қалдықтардан эко-нысан жасауға машықтанған маман, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...