Оңтүстікте күн ысиды

24 Маусым 2019, 13:03
1572
Бөлісу:
Оңтүстікте күн ысиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 25-27 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, кәдімгідей жаз айы басталды. Республиканың оңтүстігінде ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, оған Иран аймағынан түсетін жылы ауа себеп болады.

Алдағы үш тәулікте күндізгі температура 30…35°С, кей жерлерде 37…40°С дейін күтіледі, қиыр оңтүстікте плюс 44°С дейін болжанады.

Қазақстанның солтүстік жартысына қысқа мерзімге температураның жоғарылауы мен жауын-шашынның тоқтатылуынан кейін, Ресейдің Еуропалық территориясының солтүстік аймағынан суық атмосфералық фронт жылжыйды. Онымен алдағы күндері жаңбыр, кей жерде қатты, найзағай, екпінді жел және ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы