Оңтүстік Кореяда өрттен қайтыс болғандар арасында қазақстандықтар бар

30 Сәуір 2020, 14:23
1718
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяда өрттен қайтыс болғандар арасында қазақстандықтар бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 сәуірде Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласында логистикалық қойманың құрылыс алаңында өрт болып, нәтижесінде 38 адам қайтыс болды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

10 адам жарақат алды. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қайтыс болған 38 адамның 29-ы, оның ішінде Қазақстан Республикасының екі азаматы анықталған. Біздің Сеулдегі дипломаттар жергілікті билікпен байланыста, - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы