Оңай миллиардер атануға болатын салалар рейтингі анықталды

30 Мамыр 2020, 12:31
1689
Бөлісу:
Оңай миллиардер атануға болатын салалар рейтингі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мысалы, қаржы және банк саласы (ауқатты адамдар көрсеткіші 30%) көшбасшы саналады.

Wealth-X компаниясының зерттеушілері ақша тауып, оңай миллиардер атануға болатын салалар рейтингін құрды, деп жазады кorrespondent.net. Мамандар бес миллион доллардан астам қаражаты бар миллионерлердің ақшаны қалай және қайда тапқанын анықтау үшін олардың деректер базасын саралап шыққан. 

Мысалы, қаржы және банк саласы (ауқатты адамдар көрсеткіші 30%) көшбасшы саналады. Екінші орында қызмет көрсету саласы (16%) тұрса, үшінші орынға коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдар (7%) жайғасқан.

Бұдан әрі миллиондаған табыс табуға болатын бизнес сегменттерінің рейтингі төмендегідей көрініс тапқан:
• Жылжымайтын мүлік (5,4% бай адамдар)
• Денсаулық сақтау (4,9%)
• Технологиялар (4,7%)
• Өндіріс (4,1%)
• Қонақ үй және ойын-сауық бизнесі (4,1%)
• Құрылыс және техника өндірісі (3,9%)
• Тамақ және сусын өндірісі (3,8%).

Сарапшылардың пікірінше, бизнес үшін ең қолайлы елдер - АҚШ және Қытай. Сондай-ақ, мамандар болашақта кәсіпкерлер жас кездерінде-ақ байи бастайды, деп болжап отыр, ал әлемдегі бай әйелдердің үлесі бұдан әрі қарай да  өсе береді.
Өзгелердің жаңалығы