Нурмагомедов-Морозов жекпе-жегін қай уақытта көруге болады

20 Қаңтар 2021, 05:30
1327
Бөлісу:
Нурмагомедов-Морозов жекпе-жегін қай уақытта көруге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Абу-Дабиде UFC on ESPN 20 турнирінде  Arlan MMA Pro командасының өкілі, қазақстандық файтер Сергей Морозов (16-4) UFC-дегі алғашқы кездесуін өткізеді. 

Оның қарсыласы – ресейлік Умар Нурмагомедов. Жеңіл салмақ дәрежесіндегі бұл жекпе-жек UFC on ESPN 20 турнирінің алғашқы кардындағы екінші кездесу болады.

Морозов пен Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек мөлшермен Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:30-да басталады. Алғашқы кардтағы кездесулер 20:00-де басталады.

Ал басты кард кездесулері Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталады. UFC on ESPN 20 турнирінің тікелей трансляциясы 20 қаңтарда қол жетімді болады.

Айта кетейік, 19 қаңтарда Сергей Морозов пен Умар Нурмагомедовтің Абу-Дабидегі турнир алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.

Турнирдің басты жекпе-жегінде компанияның екі ардагері Майкл Кьеза мен Нил Магни кездеседі. Екі тәжірибелі файтердің жекпе-жегі жартылай орта салмақта (77 келі) өтеді.

Өзгелердің жаңалығы