Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтаннан Прагаға жаңа әуе рейсі ашылды
30 Мамыр 2019, 12:34 462

Нұр-Сұлтаннан Прагаға жаңа әуе рейсі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды. 

Әуе қозғалысының халықаралық желісін кеңейту бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгін «Нұр-Сұлтан-Прага-Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша тұрақты рейстің тұсаукесер рәсімі өтті.

"2019 жылдың 2 маусымынан бастап SCAT әуекомпаниясы Қазақстан мен Чехияның астаналары «Нұр-Сұлтан» және Прага қалалары арасында «Boeing 737» ұшағымен аптасына 2 рет тұрақты рейстерді орындайтын болады. Бұл рейстің ашылуы маршруттық желілерді дамытуға ықпал етіп, туризмді дамытуға және екі елдің транзиттік әлеуетін арттыруға үлес қосады. Жыл басынан бері Жуковский-Қарағанды, Жуковский-Көкшетау, Жуковский-Петропавл (ИрАэро), Алматы-Баку (AZAL авиакомпаниясы) бағыттарында жаңа халықаралық бағыттар ашылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 2 маусымынан бастап, SCAT әуе компаниясы «Нұр-Сұлтан-Ұлан-Батор-Нұр-Сұлтан» бағытындағы тұрақты рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Осы жылдың аяғына дейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Нұр-Сұлтан-Токио» тікелей рейсін ашу жоспарланып отыр", - делінген таратылған ақпаратта.










Фото: ашық дереккөз
Загрузка...