Нұр-Сұлтанда өзбек киносының күндері басталды

6 Желтоқсан 2021, 18:49
1803
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда өзбек киносының күндері басталды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Өзбекстан арасында кинематография саласы бойынша ынтымақтастыққа қол қойылды. 

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында өзбек киносы күндерінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. 

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапарына орай ұйымдастырылған мәдени шараға Өзбекстанның белгілі кинорежиссерлері мен актерлері қатысты. 

Нұр-Сұлтанда өзбек киносының күндері басталды


Нұр-Сұлтанда өзбек киносының күндері басталды


Нұр-Сұлтанда өзбек киносының күндері басталды

Кинематографистер делегациясын «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухаликов басқарып келді. Оның айтуынша, меморандум аясында екі ел кино саласында халыққа жаңа өнімдер ұсынып, ортақ жобаларды жүзеге асырып, оқыту курстарын ұйымдастырмақ. 

Шара Президенттің Қазақстанға келуіне орай өтіп жатыр. Бүгінгі таңда Өзбекстан кинематографияcы қазақстандық кино саласына ортақ жобалар жайлы ұсыныс жасай алатын дәрежеде екенін мақтанышпен айтамыз. Сонымен қатар жас мамандарымыз да тәжірибе алмаса алады. Бүгін “Шабыт” өнер университетінде қонақта болдық. Оқу орнында болашақ мамандарға қандай жақсы жағдайлар жасалғанын көрдік. Бүгінгі меморандум аясында ортақ жобаларымыздың саны артады деген үміттемін, - деді ол. 

Нұр-Сұлтанда өзбек киносының күндері басталды


Қазақстан тарапынан шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ еліміздің кино өнерінің көрнекті қайраткерлері қатысты.

Нұр-Сұлтанда өзбек киносының күндері басталды

Қазақ пен өзбек халықтарының мәдени байланысының тамыры тереңде жатыр. Біздің өткен шағымыз ортақ, рухани мұрамыз да орасан. Тіліміз, дініміз, діліміз бір. Осы өткізіліп отырған шара – осының бір айғағындай. Өзбек мәдениеті мен өнері, әсіресе, кино өнері қазақстандықтар арасында кеңінен танымал. Өзбек телесериалдары біздің көрермен үшін етене таныс.

Үш күн бойы, яғни, желтоқсанның алтысы мен сегізі аралығында біз үшін Өзбекстан киносының заманауи туындыларымен танысу мүмкіндігі бар. Өзбек фильмдері кинотеатрларда ғана емес, республикалық телеарналарда да көрсетілетін болады, - деді министр.
Өзгелердің жаңалығы