Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда карантин режимін бұзғандарға 300 млн теңге айыппұл салынған
19 Қаңтар 2021, 10:33 165

Нұр-Сұлтанда карантин режимін бұзғандарға 300 млн теңге айыппұл салынған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Үкіметтің онлайн отырысында баяндады.

16 қаңтардан бастап қала «қызыл аймаққа» кірді. Қазіргі күні репродиктивтік индекс 1,279 пайызды құрап отыр. Осыған орай шаралар қабылданды. Біріншіден, инфекциялық стационарларда 720 орын әзірленді. Ондағы жүктеме 47% немесе 335 төсек-орынды құрайды. 121 реанимациялық төсек-орындар даярланған. Онда 27 науқас емделіп жатыр. Сондай-ақ, 500 карантиндік орын ашылды. Онда ПТР анықтамасы жоқ халықаралық әуе рейстердің жолаушылары орналастырылады. 6 қазаннан бастап 8 800-ден астам жолаушы карантиндік стационарға орналастырылды. Олардың ішінен 62 оң нәтиже анықталды, - деді әкім.

Сондай-ақ, екіншіден, зертханалар саны 23-ке дейін көбейттік. Онда жалпы қуаттылығы күніне 12 мыңнан астам зерттеу жасайтын мүмкіндігі бар. Осыған қоса, көпбейінді ауруханалардың қабылдау бөлімдері мен стационарлардың акушерлік блоктарында нәтижесі 1,5-2 сағат ішінде дайын болатын изотермиялық шағын зертханалар ашылды. 

Үкімет отырысында Көлгінов тестілеу саны ұлғайтылғанын айтты.

Оның саны 99 мыңға дейін артты. Ал қыркүйекте 56 мың болған. Тиісінше індеттің анықталуы шамамен 9 есеге көбейді. Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын кешенді жүргізу нәтижесінде тұрғындар жиі өз еркімен тестілеуге жүгінетін болды. Үшіншіден, амбулаториялық-зертханалық қызмет жұмысы күшейтілді. Үйге барып шақыртуларға қызмет көрсету үшін 5000 адамға бір бригада есебінен мобильді бригадалардың жұмысы ұйымдастырылды. Қала бойынша 207 мобильді бригада жұмыс істеуде. Пациенттердің саны тиімді бөлу үшін ауруханалық орталықта ахуалдық орталық жұмыс істеп жатыр, - деді қала әкімі.

Көлгінов айтқандай, төртіншіден, құқық қорғау органдарымен шектеу шараларын сақтау бойынша мониторинг жалғасып жатыр.

9 мобильді топ жұмыс істеп жатыр. Осы уақытқа дейін 9 мыңнан астам нысанға мониторинг жүргізілді. Карантин режимін жүйелі түрде бұзушылармен жұмыс күшейтілді. Әкімшілік жауапкершілікке 1,5 мыңға жуық жеке және заңды тұлғалар тартылып, 300 млн теңге айыппұл салынды, - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, қала әкімі стационарлар медициналық құралдармен және қажетті дәрі-дәрмектермен толықтай қамтылғанын айтты.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бірқатар қосымша шектеу мен карантиндік шаралар қабылданды. Олар дүйсенбіден бастап өз күшіне енді. Мәселе бақылауда, - деп қорытындылады Алтай Көлгінов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...