Несиені кешіру бойынша 58 мыңнан астам консультация берілді

18 Қыркүйек 2019, 14:50
1922
Бөлісу:
Несиені кешіру бойынша 58 мыңнан астам консультация берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша «111»coll- орталығының қызметкерлері 58 мыңнан астам консультация берді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

2019 жылғы 5 қыркүйектен бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанында жұмыс істейтін «111» coll-орталығының қызметкерлері тәулік бойғы режимде қазақстандықтарға борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша 58,5 мыңнан астам консультация берді.

"«111» coll-орталығына еліміздің барлық өңірлерінен келіп түсіп жатыр. Күніне орта есеппен 10 мыңға жуық қоңыраулар қабылданады, олардың 5 мыңға жуығы борыш жүктемесін азайтуға арналған. «111» желісіне жүктеменің көбеюіне байланысты, осы акцияның әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, call-орталық басшылығы қосымша ресурстарды тарта бастады. Соңғы күндері желіде 50-ден 60-қа дейін оператор жұмыс істеуде", - деді «111»coll-орталығының жетекшісі Аяш Макенова.

Call-орталығы қызметкерлерінің айтуынша, азаматтар борыш жүктемесін азайту бойынша бағдарламаға қатысушылардың тізімінде олардың болмауына, кредиттің жалпы сомасынан есептен шығару сомасын нақтылауға қатысты сұрақтар жиі қойылады.

«Әдетте, бірінші кезекте біздің орталықтың мамандары жүгінген адамның мәртебесін тексереді. Оның нәтижесі бойынша тізімде жоқ азаматтарға мәліметтерді цифрлау жұмыстарын жүргізуді ұсынамыз, содан кейін мәліметтер тізімге енгізіледі және одан әрі жұмыс істеу үшін Министрлікке беріледі», - деп түсіндірді Аяш Мәкенова.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы Жарлығына сәйкес, банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық кредиттері бар 5 санаттағы азаматтар үшін мемлекет негізгі қарызды және есептелген сыйақыны жалпы сомасы 300 мың теңгеге дейін біржолғы төлеммен өтейді. Қарызы 300 мың теңгеден асатындарға 300 мың теңге көлемінде қарызының бір бөлігі өтеледі. Бұл ретте, олардың жалпы қарызы ағымдағы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Бүгінгі күні борыш жүктемесінің азаюына үміткер азаматтар өздерінің мәртебесін келесідей тексере алады:

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында http://www.enbek.gov.kz/ru/node/363149 сілтемесінде, ол үшін ЖСН енгізіп, сұрау жіберу қажет;

- Электрондық үкімет порталының басты бетінде орналасқан «борыш жүктемесіназайту бағдарламасына қатысу үшін мәртебені тексеру» электрондық сервисінің көмегімен, ол үшін ЭЦҚ қажет болады.

Консултацияны «111» және «1411»call-орталықтарында; халыққа қызмет көрсету орталықтарында; облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларында; «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ және оның филиалдарында; облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің өңірлік департаменттерінде алуға болады. 



Өзгелердің жаңалығы