Назым Қызайбай әлемнің алты дүркін чемпионын жеңді

30 Мамыр 2021, 20:52
8875
Бөлісу:
Назым Қызайбай әлемнің алты дүркін чемпионын жеңді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасында 51 келіде жұдырықтасқан Назым Қызайбай жеңімпаз атанды.

Отандасымыз финалда Үндістанның атақты боксшысы Мэри Комнан басым түсті. Кездесу 3:2 есебімен аяқталды. 

Мэри Комның жасы 38-де. Ол ең алғаш 2002 жылы Түркияның Анталия қаласында өткен әлем чемпионатында топ жарған. Одан кейін тағы бес рет жеңімпаз атанды. Үндістанда Мэри жайлы көркем фильм де түсірілген. Басты рөлді споршының өзі сомдаған.

Назым Қызайбай екеуі бұған дейін 2016 жылы кездескен. Ол кезде үндістандық жеңіске жеткен.



Назым Қызайбай көптен бері халықаралық додаларда топ жара алмай жүрген еді.



Өзгелердің жаңалығы