Назарбаева ашық инновациялар саласындағы тәуекелдерді атады

20 Қазан 2021, 14:46
1871
Бөлісу:
Назарбаева ашық инновациялар саласындағы тәуекелдерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаева «Цифрлық трансформация және өмірдің жаңа сапасы» атты «OPEN MIND» ашық инновациялардың алғашқы онлайн форумында айтты.

Дариға Назарбаеваның құттықтау сөзін Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан оқып берді.

Мен ашық инновациялардың алғашқы онлайн форумына қатысушыларды қарсы алғаныма қуаныштымын. Соңғы екі жылда әлем жаңа жағдайда өмір сүріп жатыр. Біз барлығымыз карантин шаралары цифрлық мақсатты дамуға катализатор болғанына көз жеткіздік. Ең бастысы, мемлекеттер мен корпорациялардың, қоғамның цифрлық технологияларға деген көзқарасы өзгерді. Пандемия цифрлық дамудың баламасы жоқ екенін көрсетті, - деді Назарбаева.

Ол атағандай, пандемия өткен жылдардың циярлық технологиялар инвестициясына қайта қарауды үйретті.

Кейбір шешімдер жоғары тексерістен өтсе, кейбіреуі, өкінішке қарай, шешілмей қалды. Санаулы аптада әлемді онлайн оқытуға көшіру мүмкін екен. Компаниялардың жұмысы мен ғимараттарды жалға алуды жүзеге асыруға болатынына көз жетті. Әрбір дағдарыс секілді адамзатты тек сын-қатерлер ғана емес, жаңа мүмкіндік алып келді. Ашық инновациялар форматы жеделдетілген циярлық трансформация тәрізді болды. Цифрландыру, ашық трансформациялар саласындағы белгілі бір тәуекелдерді қарауымыз керек. Киберқауіпсіздік, цифрлық мәліметтерді қорғау секілді тәуекелдер бар екенін білеміз. Ашық инновациялар қоғамның дамуына қатысты жұмыс істеп жатыр. Бұл цифрландыру мен ашық технологиялар саласындағы дамуды тоқтатпай, саналы және иллюзиясыз жұмыс істеу керегін түсіндіреді, - деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев қоры ұйымдастырған іс-шараға ҚР Үкіметінің, корпоративтік сектордың, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, шетелдік цифрлық сервистерді әзірлеушілер, IT-компаниялардың басшылары қатысып жатыр.

Форум коронавирус пандемиясына байланысты бүкіл әлемде болған жедел цифрлық трансформация мәселесіне арналып отыр.

Өзгелердің жаңалығы