Назарбаев: Киім өндіру – үлкен импорт

23 Қаңтар 2019, 13:26
5244
Бөлісу:
Назарбаев: Киім өндіру – үлкен импорт

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарабев бүгінгі жастармен кездесуінде жеңіл өнеркәсіп саласына назар аударды. 

«Киім өндіру, бұл үлкен импорт. Біз шетелдік киімдерді киеміз. Қымбаттығы болмаса ешқандай айырмасы жоқ. Біздің өндірушілерді қараңыз. Қандай аяқ киімдер, қандай костюмдер. Мен отандық костюмді алдым. Ешқандай айырмасы жоқ. Жеңіл өнеркәсіп бұл бизнес пен жұмысқа деген үлкен болашақ. Спорт тамақтары, бұл біз үшін жаңа іс. Жастарымыз бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару бойынша ізденеді. Мұндағы басты артықшылық – өз қажеттіліктеріңіз және оны өздеріңіз өндіре бастайсыздар. Әр жоба қызық және назарға лайық. Премьер-министр залда отыр, Үкімет осындай бастамалардың дамуын ерекше бақылауына алады», - деді ҚР Президенті.

Бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы салтанатты түрде ашылды.

Жас кәсіпкер Расул Абдуллаев елімізді ребрендинг жасайтын ұйым құруды ұсынды.

«Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атаумен өтіп жатқан салтанатты шараға бас қосқан белсенді жастардың бірі Тамила Розметова Астанада алма бағын отырғызатынын айтты.

Атап өтсек, моңғолиялық қандасымыз қазір елордалық мектепте білім алып жатыр. Бұған дейін құсбегілік өнерін әлемге танытқан бүркітші қызбен сұхбаттасып, Елбасымен кездесу алдындағы көңіл-күйін сұрастырған едік.

Қазақты әлемге танытқан бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Моңғолияға шақырды.

Wikibilim қоғамдық қорының жетекшісі, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Жастар жылының ашылу салтанатында Астана ашық университет жобасын таныстырды.

Жиында жастарды тыңдаған Мемлекет басшысы «сөзді тоқтатпай, айта берсін деген ой келді» деді. Елбасы Жастар жылының маңыздылығын атап өтті.

Назерке Абибулла






Өзгелердің жаңалығы