Бас жаңалықтар
Назарбаев пен Тоқаевтың қатысуымен ХІІ Астана экономикалық форумы басталды
16 Мамыр 2019, 11:09 2023

Назарбаев пен Тоқаевтың қатысуымен ХІІ Астана экономикалық форумы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада ХІІ Астана экономикалық форумы басталды. Форумның пленарлық отырысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.

Форум тақырыбы: «Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар».


Астана экономикалық форумы (АЭФ) – Еуразияда жыл сайын өтетін орталық іскерлік іс-шара. АЭФ алғаш рет 2008 жылы Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өтті. 11 жыл ішінде форум әлемдік экономика мен қаржы жүйесін жетілдіру және дамыту мәселелерін талқылауға арналған ең беделді халықаралық платформалардың біріне айналды. Жалпы, Астана экономикалық форумына әлемнің 150 елінен 50 мыңға жуық делегат, оның ішінде 20-дан аса Нобель сыйлығының лауреаты мен 30-дан астам жоғары дәрежелі шетелдік саяси қайраткер қатысты. 


Ал биылғы форум жұмысына әлемнің 74 елінен сарапшылар, саясаткерлер, бизнесмендер мен ғалымдар қатысуда. Тіркелген делегаттардың жалпы саны – 5 492. Шетелдік және қазақстандық БАҚ тарапынан аккредиттелгендер саны әлемнің 30 елінен 710-нан астам адамды құрайды. 2019 жылғы форум аясында екі күн ішінде 50-ден астам сессия мен іс-шара өтеді.



Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Сізден жаңалық