Назарбаев орындалған арманы туралы айтты
24 Қараша 2021, 09:26 470

Назарбаев орындалған арманы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар форумына жолдаған бейнеүндеуінде айтты. 

Еліміздің білікті әрі білімді жастары бүгінгі форумда бас қосып отыр. Баршаңызды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын. Бұл - Тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен сыйы. 30 жыл халқымыз үшін тарихи белес. Біз осы уақыт ішінде ата-бабамыздың асыл арманын орындап қана қоймай, оны баянды ете білдік,- деді Елбасы.

Назарбаев  айтқандай, Қазақстан  жаһан таныған, әлем мойындаған беделді мемлекетке айналғанын айтты. 

Бұл - барша халқымыздың ортақ жеңісі. Мен халқымыздың Тәуелсіздігін жариялаған тұста елімнің келешегі жарқын, халқы бақуатты, жастары бақытты болсын деп армандадым. Өскелең ұрпақтың сапалы білім алып,  лайықты өмір сүру жолында аянбай еңбек еттім. Бүгінде сол арманым орындалып отыр. Тәуелсіздік жылдары біз дамыған елдермен терезесі тең, бәсекеге қабілетті жаңа буын тәрбиеледік, - деді Назарбаев.


Фото: автордан
Загрузка...