Бас жаңалықтар
Назарбаев Nur Otan-ға қатысты: «Жүре берсең, көре бересің» деген сөз бар
25 Қараша 2020, 11:28 1018

Назарбаев Nur Otan-ға қатысты: «Жүре берсең, көре бересің» деген сөз бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX съезі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатыр. 

Съез жұмысына  өңірлердегі партия мүшелері онлайн қосылды. 

Бүгінгі съез жұмысына қатысушы үшін 400 делегат сайланды. Кворум бар. Жиынға біздің партиямыздың орталық және жергілікті органдардың басшылары, Парламент депутаттары, үкіметтік  емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, журналистер бейнеконференция арқылы қосылып отыр, - деді Елбасы. 

Нұрсұлтан Назарбаев биылғы съез пандемияға қатысты ерекше форматта өтіп отырғанын атап өтті. 

Қазақта «жүре берсең, көре бересің» деген сөз бар. Съезді қашықтан өткізуге мәжбүр болып отырмыз. Осындай заманға тап келдік. Ол да өмірдің бір саласы болып, есте қалатын болады. Осы жағдайдан кейін кездесіп, шүйіркелесіп, құшақтасатын болайық, - деді ол. 
Өз кезегінде «Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек партияның саяси кеңесінің күн тәртібін таныстырды. 

БАЙБЕК1.jpeg

18 қарашада «Nur Otan» партиясының фракция отырысында «Қазақстан-2021: Бірлік, тұрақтылық, жасампаздық» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бойынша Премьер-министрдің есебі тыңдалды, - деді Байбек.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//