Бас жаңалықтар

Назарбаев бірқатар заңға қол қойды

Астана, baq.kz. Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлағандай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға енгізілетін өзгерістерді бекітті.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жарнама саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

 Аталған заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Загрузка...

Сізден жаңалық