Пойызда ұсталған нашақор есірткіні түйіншегімен жұтып жіберді

15 Қаңтар 2019, 10:00
2346
Бөлісу:
Пойызда ұсталған нашақор есірткіні түйіншегімен жұтып жіберді

Астана, BAQ.KZ.  Пойызда ұсталған азамат, есірткіні тығу мақсатында, түйіншегімен қосып жұтып жіберген. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"Петропавл шекара отрядының «Мамлютка-теміржол» өткізу бөлімшесінде өткен түнде «Қарағанды - Мәскеу» бағытымен жүретін № 83 пойызды шекаралық тексеруден өткізу барысында шекара наряды 20 жастағы қазақстандық азаматты ұстады. Бұл азаматты есірткі іздеуге арнайы үйретілген қызметтік иттің меңзеуімен келіп, жол сөмкесін тексере бастаған шекарашыны итеріп жіберіп, сөмкеден кішігірім түйіншекті жұлып алып, лезде жұтып жіберген", - делінген хабарламада. 

Кейін өзі мойындағандай, оның жұтқаны салмағы 5 граммға жуық марихуана есірткісі болып шықты. Ұсталған азамат Павлодар қаласының наркологиялық диспансеріне жеткізілді. Тексеру барысында, дәрігерлер оның бұдан бұрын да канабиоидтар қабылдағанын дәлелдеп шығарды. Тексеру шаралары әрі қарай жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы