Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда "Жастар жылы" қорытындыланады
06 Желтоқсан 2019, 14:32 24764

Нұр-Сұлтанда "Жастар жылы" қорытындыланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9-12 желтоқсан аралығында "Жастар жылының" жабылуы мен "Волонтерлер жылының" басталуына орай Нұр-Сұлтанда бірқатар іс-шара өтеді.

10 желтоқсанда ЭКСПО павильондарының бірінде 2 көрме аймағы ұйымдастырылып, "Жастар жылы" аясында жүзеге асырылған "Жобалар аумағы" және "Волонтерлер жылының" тұсаукесер көрмесі өтеді. Павильонның бас сахнасында "TED Jastar" форумы өтіп, осы жылы табысқа жеткен жас буын өкілдері көпшілік алдында сөз сөйлейді. Сондай-ақ ел басшылығымен бейресми кездесу болады. 

"Жастар жылының" қорытындысына орай ҚХА "Жастар синергиясы" форумы, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын табыстау рәсімі, Қазақстандағы КТӘ-нің 20 жылдығына орай Республикалық "Жайдарман" ойындарының финалы, халықаралық еріктілер форумы, ҮЕҰ арасында марапаттарды және меценаттар арасында "Жомарт жүрек" сыйлығын табыстау рәсімі өтеді.


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...