Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Covid-19 індетіне, сонымен қоса тұмау және ЖРВИ сияқты маусымдық аурулар санының көбеюін ескере отырып, дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Жалпы, бүгінде қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы күзгі-қысқы кезеңде COVID-19-ды алдын-алу және емдеу бойынша іс-шаралар жоспарын қалалық әкімдікпен дайындап, бүгінде бекітті.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының деңгейінде COVID-19 симптомсыз және ауруы жеңіл болып келетін, сондай-ақ індет жұқтырғандармен байланысқа түскен адамдарға науқастарды қашықтықтан басқару бойынша жұмыс ұйымдастырылады. КВИ және пневмониямен ауыратын науқастарға үй жағдайындағы ауруханалар ұйымдастыру, сондай-ақ оларға ақысыз дәрі-дәрмектер беру қарастырылған.
Қаланың барлық емханаларында мобильді топтардың жұмысы пациенттерге үйге бару арқылы қызмет көрсету жұмысы ұйымдастырылды. Індетке күдікті науқастардан т.с.с. коронавирустық инфекцияға үйден ПЦР тест алу қарастырылған. Олардың саны 207-ні құрайды, - деді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.
Қалалық емханаларда әлеуметтік арақашықтықты ескере отырып пациенттер үшін күту бөлмелері, респираторлы аурулары бар науқастарды қабылдау үшін фильтр кабинеттерді ұйымдастыру қарастырылған.
Қауіпті топтағы пациенттерді (гипертония, қант диабеті, коронарлық артерия ауруы, астма және басқалары) тұрақты түрде бақылау мобильді топтарды тартуымен жалғасатынын атап өткіміз келеді. Науқастарлы жоспралы түрде қабылдау міндетті алдын-ала жазылу арқылы жүзеге асырылады.