Нұр-Сұлтанда 64 жастағы науқас індеттен көз жұмды 

24 Сәуір 2020, 13:22
1651
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда 64 жастағы науқас індеттен көз жұмды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында  коронавирустық инфекцияның бүгінгі көрсеткіштері туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен онлайн баспасөз конференциясы барысында айтты.

Қазіргі таңда коронавирус инфекциясының 433 жағдайы тіркелген. 225 науқас стационарда жатыр, 207 адам емделіп шықты, үй карантинінде 2396 адам бар. Өкінішке орай індет салдарынан үш адам қайтыс болды. Бүгін сағат 10.40-та тағы бір адам көз жұмды, - деді спикер. 
Ол науқастың ауруханаға жеткізілген уақытта жағдайы ауыр болғандығын айтты.
Науқас 64 жаста. 15 сәуір күні жедел жәрдем қызметкерлерінің көмегімен ауруханаға жеткізілген. Жағдайы өте ауыр болған. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, өкпені жасанды демалдыру аппаратына қосылған. Науқаста коронавирустың барлық белгілері анықталып, асқынған екі жақты полисегментарлы пневмония диагнозы қойылған. Науқас коронавирус белгілерінен бөлек қант диабетімен ауырған. Күн сайын консилиумдар ұйымдастырылып, дәрігерлер науқастың жағдайын бақылап отырған. Интенсивті терапияға қарамастан полиграндық жетіспеушілік анықталған. Сағат 10.40-та науқастың жүрегі тоқтаған, - деді Бақтияр Мәкен.

Өзгелердің жаңалығы