Бас жаңалықтар
Цемент-бетон жабындыны қорғайтын технология сыналды
25 Қыркүйек 2020, 17:32 130

Цемент-бетон жабындыны қорғайтын технология сыналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Автомобиль жолдары саласында материалдардың жұмсалуы мен жол құрылымдарының өзіндік құнын едәуір қысқартуға, сондай-ақ, жөндеуаралық мерзімді арттыра отырып, жол жамылғысының беріктігін жақсартуға мүмкіндік беретін инновациялық технологияларды енгізу шаралары жалғасуда.

Осылайша, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ, «UneedUs» ЖШС және «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бірлесіп, цемент-бетон жабындысына арналған Contite сіңірме құрамын сынау жұмыстарын жүргізді. Жаңа технологияны Көкшетау қаласы арқылы өтетін Нұр-Сұлтан – Петропавл автомобиль жолының 69 шақырымында қолдану ұйғарылды.

«UneedUs» компаниясының мәліметінше, Contite сіңірме құрамы – гидрофильдік, гидрофобтық және гидроскопиялық сияқты 3 қасиетке ие бірегей өнім. Технология жолдың қызмет ету мерзімін ұлғайтып, цемент-бетон жабындысын химиялық реагенттерден, тұздан, қату және еру циклдерінен, басқа да факторлардан қорғауы тиіс. Сіңірме құрам бетон жабындысына бір рет шашылады. Механизм бетондағы бос арада кристаллдардың қалыптасуының негізінде әсер етеді, - делінген ақпаратта.

Тәжірибелік шаралар жүргізіліп жатқан жол учаскесінде жаңа технологияның әсері зерттеліп, байқалатын болады. Технология оң нәтижелерді көрсеткен жағдайда, цемент-бетон жабындысының су мен реагенттерді сіңіруі 1,8 есеге азайып, беріктігі 15-18%, сондай-ақ аязға төзімділігі 2,5 есеге көтеріледі деп күтілуде.

 



Фото: дереккөз
Загрузка...