Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанға 56 жыл бұрын жауған қардың нормасы түсті – синоптиктер
29 Қаңтар 2020, 00:00 193

Нұр-Сұлтанға 56 жыл бұрын жауған қардың нормасы түсті – синоптиктер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл елордада 56 жыл бұрын жауған қардың нормасы түскен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Акмарал Олжабаева өзінің Facebook-тегі парақшасында "Қазгидромет" РМК Ауа райын қысқа мерзімге болжау басқармасының басшысы Алуа Сахановаға сілтеме жасай отырып бөлісті.

Сонымен, Алуа Саханова хабарлауынша, биылғы қаңтар айы қар, бұрқасын, екпінді жел, ауа температурасы аномальды жоғары болуымен ерекшеленді. Температура нормадан 6 градусқа жоғары, ал норма -14 градус.
Қазіргі таңда жауын шашын мөлшері 50 мм құрайды. Норма 16 мм . Яғни, бүгінгі таңда 3 айлық норма жауды. Сондай-ақ көпжылдық мәліметтермен салыстырсақ, бұдан 56 жыл бұрын‼ 1964 жылы 51 мм қар жауған. Ал 1928 жылы 131 мм құраған. Ақпан айына консультативті болжам бойынша орташа тәуліктік температура мен жауын-шашын мөлшері норма шамасында. Яғни, жауын-шашын мөлшері 15 мм , ал ауа температурасы -14 градус, - деді "Қазгидромет" РМК Ауа райын қысқа мерзімге болжау басқармасының басшысы Алуа Саханова.




Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...