Мүмкіндігі шектеулі балалардың анасы медициналық тексеруден тегін өтеді

3 Шілде 2019, 08:35
3785
Бөлісу:
Мүмкіндігі шектеулі балалардың анасы медициналық тексеруден тегін өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналар үшін «Ана денсаулығы» акциясы 4 шілдеде басталып, 4 тамызға дейін жалғасады. Шараны Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырып жатыр.

4 шілдеде ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналар үшін кешенді медициналық диагностикалық тексеруден өтуге бағытталған «Ана денсаулығы» акциясы басталады. Аталмыш акция елорданың туған күніне орай ұйымдастырылып, 4 шілде мен 4 тамыз аралығында барлық қалалық алғышқы медиицналық-санитарлық көмек көрсету (АМСК) ұйымдарында өтеді.

Ашық есік күндері аясында акция қатысушыларға диагностикалық, зертханалық және медицина-сауықтыру іс-шаралары кешендері қарастырылған, оған медициналық мамандардың сараптамалары мен консультациялары, сондай-ақ қосымша функционалдық зерттеулер, консультативтік-диагностикалық көмек көрсету, стационарлық емдеуге квота беру кіреді.

Анықтама үшін, әрбір АМСК ұйымдарының ресми сайтарында медициналық тексеруден өту туралы барлық ақпарат орналасқан, сондай-ақ тексеруден өту үшін байланыс телефондары белгіленген. Ең бастысы, медициналық диагностикалық тексеруден өту үшін міндетті түрде алдын ала жазылу тиіс екенін ескертеміз. Тұрғылықты мекен жайы бойынша АМСК ұйымдарына хабарласа отырып, дәрігерлерге алдын ала жазылу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

«Ана денсаулығы» айлығы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен ұйымдастырылып отыр. Акция мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналарды барынша медициналық диагностикалық ем-шаралармен қамтамасыз ету және олардың денсаулығына аса назар аудару, себебі осы топқа жататын ерекше балаларды асырап, тәрбиелеп, оларға деген бар көңілін бөле отырып, аналар өз денсаулығын нығайту, медициналық тексеруден өтуді ұмытып кететін жағдайлар аз емес.


Өзгелердің жаңалығы