Мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақыға өтінішті Egov порталында беруге болады

8 Сәуір 2020, 14:55
8427
Бөлісу:
Мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақыға өтінішті Egov порталында беруге болады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов брифинг кезінде айтты.

Оның сөзінше, төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсету "Электрондық үкімет" веб-порталындағы "Электрондық өтініш" сервисі арқылы электрондық өтініш негізінде жүзеге асырылады, сондықтан да медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне барудың қажеті жоқ, мемлекеттік қызмет сырттай жүргізіледі.

Айдынжан Нарматов төтенше жағдай кезеңінде "Мүгедектікті немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, қажетті әлеуметтік қорғау" шараларын айқындау мемлекеттік қызметін көрсету тәртібіне тоқталып өтті.

МӘС бөлімдері "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" ҚР  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Онда куәландырылатын адамды мүгедектік белгіленген күннен бастап алты ай ішінде бақылап тексеріп, бір жылдан аспайтын мерзімге сырттай жүргізеді. Қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспайтын мерзім ішінде және төтенше жағдай уақытында келген адамдарға мүгедектіктің, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімдері төтенше жағдай орын алған кезеңде автоматты түрде ұзартылады, - деді ол.

Оның айтуынша, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және еңбек ету қабілетінен айырылған әлеуметтік төлем алушыларға төлем төтенше жағдай режимі аяқталған айды қоса алғанға дейін төленеді.

Өзгелердің жаңалығы