Мұғалімді артық жұмысқа «жегу». Бір жылда 200-ден аса лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

17 Қараша 2021, 15:18
1065
Бөлісу:
Мұғалімді артық жұмысқа «жегу». Бір жылда 200-ден аса лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова айтты.

Білім беру ұйымдарындағы педагогтардың лауазымдық міндеттері мен педагогтар жүргізетін құжаттар тізбесі Білім және ғылым министрлігі бекіткен нормативтік құжаттармен реттеледі. Ол педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы №338 бұйрық және орта техникалық пен кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі және олардың нысандарын бекіту туралы №130 бұйрықтың негізінде реттеледі, - деді Гүлмира Каримова.

Оның сөзінше, №338 бұйрық негізінде педагогтардың, әкімшілік мүшелерінің және басқа да қызметкерлердің лауазымдық міндеттері оқу жылын бастауға арналған Педагогикалық кеңесте таныстырылады. Әрбір педагог танысқаны туралы қол қояды.

Қазіргі уақытта педагогтардан қағаз немесе есеп талап ету фактілері әлі де кездеседі. Түрлі тақырыптық апталықтар, жоспар жасау, оқушылармен жүргізілген жеке жұмыстардың есебі, тәрбие шаралары бойынша фото, бейне есептер немесе сілтемелер сияқты артық қағазбастылыққа жол берілуде. Білім мен ғылым саласындағы Сапаны қамтамасыз ету комитетінің ақпаратына сәйкес соңғы бір жылдың ішінде педагогтардың артық қағазбастылықпен айналысуына жол берген 200-ге жуық лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, - деп атап өтті ол.

«Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес педагогтардың артық қағазбастылықпен айналысуына жол бермеу керек.

Өзгелердің жаңалығы